Тағдыры ортақтың тарихы да ортақ болуы керек!

Тағдыры ортақтың тарихы да ортақ болуы керек!

ашық дереккөзі

 width= Бүгінде елімізде қалыптасқан ұлттар бірлігі мен халықтар достастығының арқасында мемлекетіміз қарышты өркендеп, ілгері басып келеді. Бұл – расында да, біз үшін баға жетпес байлық! Қадірін білмесек қашырамыз! Ұғына алмасақ ұшырамыз. Басымызға берік қонған осы бір бақ құсы баянды тірлігіміздің айғағы болса керек. «Кең болсаң, кем болмайсың» деген даналықты әу бастан санасына құйып өскен әрбір қазақ баласының жүрегі жылы, қолы ашық келеді. Сол бір мейірбандықтың арқасы болса керек, ел аумағында мекендейтін барша ұлт өкілдерінің дені қазақ халқының шексіз қамқорлығын сезіне білді. Мейірім шуағына бөленген олар қазақ халқының атына мың алғыс айтудан әсте жалыққан емес. «Жүзі басқа болса да, жүрегі бір, Тілі басқа болса да тілегі бір» демекші 130-дан астам ұлттың басын қосқан елде 1995 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстан халықтарының Ассамблеясы атты ұйым дүниеге келді. Тонның ішкі бауындай болған бірлікті бекем етуге ат салысты. Ел ішіндегі ырыс пен ынтымақтың нығаюына күш салды. Осы тұста Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қиындық атаулыны жеңетін бір – ақ күш бар, ол – бірлік, ендеше жеріңді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болса, тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткізген табыстарымызды сақтап қалу үшін ол сондай қажет» деген аталы сөзіне тоқталып өткеніміз ләзім. Ия,  біздер біте қайнасып жатқан біртұтас халықпыз. Бөле-жаратын ештеңеміз жоқ. Өйткені, ол – біздің ортақ тағдырымыз. Ортақ тарихымыз.  Ал біз осы бір тарих беттерінде өзге ұлттармен арадағы достығымыздың қалай бастау алғандығын, қазақ деген ұлттың болмысынан бері қарай бауырмал екендігін, жан баласына жасайтын қиянаты жоқ екендігін дәріптей алып жүрміз бе? Міне, осы тұста сәл кібіртектеп қалатынымыз рас...  width= Енді мына бір дерекке сәл бір көз жүгіртіп көрсек: Түркістан облысы бойынша 2020-2021 оқу жылында 919  (910) жалпы білім беретін мектеп жұмыс жасауда.  Оның ішінде – 19-ы жекеменшік мектептер. Жалпы бала саны – 499 979/481276. 18703 Оның ішінде: Қазақ тілінде білім беретін мектеп саны  - 704 (702); Бала саны – 313 948 (312 197) - 1751 Орыс тілінде білім беретін мектеп саны  – 8 (8); Бала саны – 9425 (9251) - 174 Өзбек  тілінде білім беретін мектеп саны  – 4 (6); Бала саны – 2694 (3681)  987 Аралас тілде оқытатын мектептер саны – 200 (194). Бала саны – 173 912 (159108)  14804  Оның ішінде: Қазақ-өзбек тілінде білім беретін мектептердің  саны  -  88 (85); Бала саны – 72621 (63449).  9172 Қазақ-тәжік тілінде білім беретін мектептердің  саны  – 11 (11); Бала саны – 7108 (7078). -30 Қазақ-орыс тілінде білім беретін мектептердің  саны  – 86 (85); Бала саны –79334 (78291).  1043 Орыс-өзбек тілінде білім беретін мектептердің  саны  – 0 (1); Қазақ-өзбек-орыс тілінде білім беретін мектептердің  саны  – 14 (11); Бала саны – 14 227 (9712).  4515 Қазақ-өзбек-тәжік тілінде білім беретін мектептердің  саны   - 1 (1). Бала саны – 622 (578).  44

Мәлімет 2019-2020 оқу жылы 2020-2021 оқу жылы + -
Жалпы мектеп саны 910 916 6  
Бала саны 481276 499 979 18703  
Қазақ тілінде білім беретін мектеп саны 704 702 2  
Бала саны 313 948 312 197 1751  
Орыс тілінде білім беретін мектеп саны 8 8    
Бала саны 9425 9251 174  
Өзбек  тілінде білім беретін мектеп саны 6 4   2
Бала саны 2694 3681   987
Аралас тілде оқытатын мектептер саны 194 200 6  
Бала саны 159108 173 912 14804  
Қазақ-өзбек тілінде білім беретін мектептердің  саны 85 88 3  
Бала саны 63449 72621 9172  
Қазақ-тәжік тілінде білім беретін мектептердің  саны 11 11 0  
Бала саны 7078 7108 30  
Қазақ-орыс тілінде білім беретін мектептердің  саны 85 86 1  
Бала саны 78291 79334 1043  
Орыс-өзбек тілінде білім беретін мектептердің  саны 1 0    
Қазақ-өзбек-орыс тілінде білім беретін мектептердің  саны 11 14 3  
Бала саны 9712 14227 4515  
Қазақ-өзбек-тәжік тілінде білім беретін мектептердің  саны 1 1 0  
Бала саны 578 622 44  
Міне, жіпке тізгендей етіп санамалап шықсақ, кәдімгідей көзге қораш көрінбейтін дөңгелек сандар шыға келеді екен. Бүкіл еліміз бойынша есептеп көріңіз... Енді бізден де бір ұсыныс болсын, осыншама білім ұясына арналып жаңаша  тарих пәні жазылса. Достық рәуіштегі. Бірілікке үйіретін айғақ дүниелер айтылса.. Әр түрлі ұлттар мен диаспоралардың Қазақстан территориясына жер аударылуы мен қоныстандырылуы тұрғысында нақты мәлімет беретін оқулық болса. Ол не үшін дерсіз? Алдымен, сол кездегі қазақтың шексіз жақсылығын көрген буынның дені қартайды, болмаса дүниеден өтіп кетті, не болмаса тарихи Отандарына қоныс аударулары да  ғажап емес қой. Ал оны айтып отыратын өз аталарымыздың да қатары сиреп барады. Ал бүгінгі ұрпақтың санасында өксігі көп өткен күндер жайлы  көп мәлімет көмескіленіп барады. Соны жаңғыртып отыру үшін керек. Соның кесірі болса керек, әр жерлерде ұлтаралық қақтығыстардың, кішігірім кикілжіңдердің қылың беріп қалуы жиілеп кетті. Қазақтың қылған жақсылығын жоққа шығарушылар табыла бастады арамыздан. Бұл – жақсылықтың белгісі емес. Мұны екі деп қойыңыз. Үшіншіден, Қазақстандағы диаспоралық детанатордың дүмпуін күтіп дегбірсізденіп жүргендердің мысықтілеуі орындалмай, жамандықтың алдын алу үшін де аса қажетті деп ойлаймыз. Мұның бәрі өткенді ұмытып,  тарихтың мойнына тас іліп, теңіз түбіне тастағанмен тең болар еді. Оның ар жағында ел ертеңі, Тәуелсіздік деген киелі ұғымдар тұр. Осының бәрін ескерсек, өзге ұлт өкілдері оқитын білім ордаларына тарих пәнін енгізу идеясы құптарлықтай-ақ дүние. Тек оны әр мектеп өз жүктемесіне сай реттеп, оқытып отырса, нұр үстіне нұр болар еді. Бұл оқулық бірлігімізді бекемдеп, бір ұлт ретінде басымызды қоса алуы тиіс. Ал оған әркім өз руының батырын тықпаламай, тарайбалистіқ тар түсініктен арылып, кең ауқымда ойлағанда ғана қол жеткізе аламыз. Біз бүтін Қазақстанның болашағы үшін үшін жең түріп, білек сыбануымыз керек. Ұлтардың ұлы тарихы ұрпағы барда ұмыт қалуға тиісті емес! Ия, бәріміз де болашақты бетке алып бара жатқан бір кеменің жолаушыларымыз. «Кемедегінің жаны бір» демей ме көне тәмсіл. Ал, бәрімізді сыйыстырып, ешбір қауіп-қатерге ұрындырмай, алға бастап келе жатқан ортақ кемеміздің аты – Қазақстан! Соның гүлденуі үшін, соның жарқын болашағы үшін атқарылар істе достығымыз бен береке-бірлігіміз арта берсін!

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев

Жүктелуде...