Шымкентте үш жігіт темір жинап жүріп, темір-бетон астында қалған

Шымкентте үш жігіт темір жинап жүріп, темір-бетон астында қалған

ашық дереккөзі

 width= Шымкентте темір-терсек жинаумен айналысып жүрген үш азамат аяқ астынан мерт болды. Олар бос тұрған ескі ғимаратты бұзып жатқан сәтте, темір-бетон жабындысының астында қап қойған. Салмағы бірнеше тонна болатын жабынды үшеуін де жаншып тастаса керек. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Оқыс оқиға «Ордабасы» индустриалды аймағындағы 5 қабатты ғимараттың ішінде болған. 30 жылдай бос тұрған нысанның темір тіреуіштерін кесіп алмақ болған үш адам абайсызда үйінді астында қалып қойыпты. Құтқарушылардың сөзінше, үшеудің бірі осы маңда күзетші болып істеген көрінеді. Олар  бірнеше тонналық жабындының тіреуіштерін арнайы құралмен кесіп жатқан. Сол сәтте, жоғарыда тұрған темір бетон ауыр салмаққа шыдамастан 4-ші, 3-ші, және 2-ші қабатты қирата келе бұлардың үстіне келіп түскен. Үшеуі де қашып үлгере алмапты. Әрқайсының денесі бір-бірінен 10 метр қашықтықтан табылған.

Орынбасар ТӨРТБАЕВ, ТЖД жедел құтқару жасағының басшысы "Барғанда біздің жігіттер, бірінші адамды шығарады. Сосын қасындағылар үшеу болған деп айтады. Мен екінші группаны жібердім. Дополнительно".
Жәй күнде емін-еркін кіріп шығып жүрген өндіріс аймағына бүгін тілшілерді аттап кіргізбеді. Айналдыра күзетті күшейткен.
Нұрлан НҰРМАҒАНБЕТОВ, күзет агенттігі басшысының орынбасары "Мен рұқсат бере алмаймын ғой ол жерге. Жоқ, ешқандай. Машинаға ешқандай рұқсат бере алмаймын мен".
Белгілісі, қапияда көз жұмғандардың бірі 22-де, екішісі 29-да, үлкені 54-те болған екен. Еңбекші ауданына қарасты Бадам ауылының тұрғындары. Туыстары денелерін жер қойнына тапсырған. Ал, полиция осы іске сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастап кетті. Айғақты зат ретінде темір кесетін құрал мен автокөлік тәркіленіп алынған. https://youtu.be/VcM63GHG3Qw

Жүктелуде...