weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
16 ақпан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Саунадағы фотосы тараған семейлік полицейлердің басы дауға қалды

Саунадағы фотосы тараған семейлік полицейлердің басы дауға қалды

Саунадағы фотосы тараған семейлік полицейлердің басы дауға қалды
ашық дереккөзі
 width= Семейдің сауналарының бірінде түсірілген суреттер әлеуметтік желіде пайда болды. Кадрларда полиция бөлімінің жеке құрамы түсірілген, - деп хабарлайды Newsroom+ ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. Ақпаратқа құқық қорғау органдарында түсініктеме берілді. Суреттер танымал блогер Руслан Лазутаның Instagram парақшасында пайда болған. Пост авторының айтуынша, суретте Семей қалалық Орталық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметінің (ЖПҚ) басшысы, полиция майоры Сұңғатов Ришат өзінің қызметкерлерімен – учаскелік инспекторлармен бірге түскен. Лазута фотосуреттер осы жылдың қаңтар айында карантинге және қоғамдық іс-шараларға тыйым салынғанына қарамастан «жаңа бастықтың лауазымын атап өту кезінде» саунада түсірілген деп жазады. Басылымға ШҚО полиция департаментінде түсініктеме берді.
«Шынында да, әлеуметтік желілерде таратылған фотосуреттерде Семей полиция басқармасының қызметкерлері бар. Осы факті бойынша, ШҚО ДП ішкі қауіпсіздік басқармасы ресми тексеруді бастады», - деп хабарлады құқық қорғау органдары.