Әкім өзі туралы ZTB-дағы мақтаулы постқа 1,3 млн. теңге төлеген

Әкім өзі туралы ZTB-дағы мақтаулы постқа 1,3 млн. теңге төлеген

ашық дереккөзі

 width= 2020 жылы Instagram-да танымал ZTB-ның екі парақшасында жарияланған хабарламалар үшін Алматы облысының бюджетінен 1,3 миллион теңге аударылған. Бұл туралы PROTENGE телеграм каналы жазды.

«Біз салық төлеушілердің қалтасынан шыққан ақшаны не үшін төлегенін тексеруді жөн көрдік» дейді канал авторы.
«Әлгі жазбаны таптық. Онда облыс әкімі Баталовтың бастамасымен бұрынғы және қазіргі президенттердің тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны, сондай-ақ әкім мен президентке алғыс жаудырған бақытты қазақстандықтардың пікірін оқуға болады.»
«ZTB_video-ға мән берсек, әкімдіктің қолдауымен қазан айында 20 медицина қызметкерлері сарқырамаға барған. Алматы облысының әкімдігі блогерлерді ыстық суға апарып, жайлы қонақүйге жайғастырған. Ал дәрігерлерге сарқыраманы тамашалатқан. Ақ халаттылардың бірнеше ай бойы індетпен күрескенін жоғары бағалаған әкімдік, оларды тауға апарса, ал блогерлерді қауызға қарай шығатын шипажайға орналастырған» дейді телеграм каналдағы жазба.

Жүктелуде...