weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
16 ақпан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Белгісіз қара сұйықтық: Жайықтың суының түсі халықты алаңдатуда

Белгісіз қара сұйықтық: Жайықтың суының түсі халықты алаңдатуда

Белгісіз қара сұйықтық: Жайықтың суының түсі халықты алаңдатуда
ашық дереккөзі
 width= Экологтар Атырау облысында түсірілген Жайық өзені суының видеосы жарияланғаннан кейін тексеріс жүргізіп жатыр. Әлеуметтік желілерде Индербор аудан орталығындағы Жайық суын түсірген видео тарап жатыр. Видео кадрларында мұз астында түсініксіз қара сұйықтық пайда болғаны көрінеді.
Жергілікті тұрғындар су астында қалып қойған ескі балық аулайтын торлар шіріп, су осындай түске боялды деп болжайды. Бірақ басқа да себеп болуы мүмкін. Қалай болғанда да, Атырау облысы бойынша экология департаменті қызметкерлері тексеруді бастады.
"Бұл жағдайдан хабардармыз. Қазір қызметкерлеріміз мобильді зертханамен сынама алуға шықты. Зерттеу нәтижелері туралы қосымша хабарланады", - деп хабарлады жергілікті экология департаменті өкілдері.
https://youtu.be/0SOMclz98nY