Тоқаев: Қылмыс 30 пайызға азайды

Тоқаев: Қылмыс 30 пайызға азайды

ашық дереккөзі

 width= Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураның басшылық құрамымен кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. Тоқаев кеңесте сөйлеген сөзінде прокуратураның заң үстемдігін қамтамасыз етуде және қылмыспен күресте айрықша рөл атқаратынын атап өтті. Мемлекет басшысы пандемия кезінде елімізде қылмыстық іс-әрекеттердің 30 пайызға азайғанын айтып, құқық қорғау жүйесінің жұмысын оң бағалады. Сонымен қатар Президент халықтың сенімі мен азаматтардың құны басты өлшем екеніне тоқталып, осы саладағы реформалар қарқынды жүргізіле беретінін айтты. – Алдағы реформалар кезінде прокуратура органдарының орны ерекше болады. Бүгінде қылмыстық процестің үш буынды моделі енгізілуде. Соның арқасында бір айдың ішінде 692 адамды қылмыстық қудалаудан арашалап қалдық. Бірақ мұнымен шектелуге болмайды. Негізгі процессуалдық шешімдердің барлығы прокурорлық сүзгіден өтуге тиіс. Бұл – өте маңызды мәселе. Бір де бір заң бұзу дерегі прокурор назарынан тыс қалмауы қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент азаматтардың құқықтары мен мемлекеттің мүддесін қорғаудың маңыздылығын прокурорлардың есіне салды. Оның пікірінше, бұл міндеттің тиімді атқарылуына қарай құқық қорғау жүйесінің жұмысы бағаланады және халықтың сенімі де осыған байланысты қалыптасады. Мемлекет басшысы кәсіби біліктілікті арттырып, азаматтармен қарым-қатынас жасау тәсілін түбегейлі өзгерту қажет екеніне назар аударды.

Жүктелуде...