weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
15 ақпан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ең жас депутат бір айда не атқарғанын айтты

Ең жас депутат бір айда не атқарғанын айтты

Ең жас депутат бір айда не атқарғанын айтты
ашық дереккөзі

 width=

Өткен аптада zoom арқылы Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде 7 аймақтан 15 азаматты қабылдадым. Қабылдау барысындағы өтініштердің басым көпшілігі әлеуметтік салаға қатысты. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Мәди Ахметов facebook-тегі парақшасында жазды. Ол бүгін қызметке кіріскеніне тура 1 ай толғанын айта келе, осы аралықта «Экология мәселелері және табиғатты пайдалану» комитетіне мүше болып, заң жобалары бойынша үш жұмыс тобына кіргенін мәлімдеді.
Өткен аптада zoom арқылы Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде 7 аймақтан 15 азаматты қабылдадым. Қабылдау барысындағы өтініштердің басым көпшілігі әлеуметтік салаға қатысты. Атап айтқанда, жұмысқа орналастыру, үй мәселесін шешу, квота арқылы ота жасау, мүгедектігі бар азаматтардың жағдайын жақсарту, ауылдағы интернет мәселелері көтерілді. Сонымен қатар арыз берушілер жергілікті мемлекеттік органдардың азаматтардың мәселелерін шешудегі немқұрайлығын жеткізді, - деп жазды Ахметов.
Сондай-ақ ол қабылдаудың қорытындысы бойынша арнайы хаттама әзірленіп, әр өтініш бақылауға алынып, жауапты мемлекеттік мекемелерге жолданғанын жазды.  width=