Мәжіліс құрамы: депутат-дәрігерлер кімдер?

Мәжіліс құрамы: депутат-дәрігерлер кімдер?

ашық дереккөзі

 width= Биыл 10 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауы өтті. Енді алдағы 5 жылда халық пен билік арасындағы көпірге айналатын «Nur Otan», «Ақ жол» және Қазақстанның Халық партиясы мен Ассамблеядан сайланған осы 107 депутат болмақ. Сонымен, жетінші шақырылған Мәжілістің құрамын зерттесек, 70 пайызы – тың идея ұсынғалы отырған жаңа кадр. Ал 32 депутатты тәжірибелі десек болады. Өйткені, олар алтыншы шақырылымда да Төменгі палатада болды. Бұл жолы ерлердің үлесі – 73 %, әйелдер – 27% құрайды. Өткен шақырылымдарға көз жүгіртсек, 1995 жылдан бастап, халық қалаулыларының басым бөлігі инженер, экономист және заңгер мамандығы бойынша білім алған азаматтар еді. Осы жолғы жаңа құрам несімен ерекше? Алдымен, жыл өткен сайын депутаттар жасының жасарып жатқанын атап өту керек. Биылғы шақырылымда 25 жастағы жастар Мәжіліс депутаттығына өтті.  />

<em>Фотосуретте Мәди Ахметов</em>

Тағы бір ерекшелік, биыл депутаттар арасында<a href= дәрігерлер де бар. COVID-19 пандемиясы кезінде олардың пікірі аса маңызды емес пе?! ДЕПУТАТ-ДӘРІГЕРЛЕР КІМДЕР?    />

<strong>Ғалымжан Елеуов </strong>– хирург, медицина ғылымдарының кандидаты.

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина Академиясын «хирург-дәрігер» мамандығы бойынша бітірген. Ұлттық ғылыми медициналық орталықта аспирантура оқыған. Назарбаев университеті мен Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Мәскеу халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы, бизнес және іскерлік әкімшілендіру институтын тәмамдаған. Докторантураны И. М. Сеченов атындағы бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университетінде оқыған.

Ол Ақтөбеде «№2 қалалық емхана» МКК-да дәрігер-хирург, Жедел медициналық жәрдем ауруханасының дәрігер-хирургі, «Дару клиникасы» оңалту медициналық орталығының және «DaruZharygy» офтальмологиялық клиникасының бас директоры болған.

Қазір Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі.

<img src=

Жүктелуде...