Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
15 ақпан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда соғыс ардагерлеріне 1 млн теңге берілетіні рас па?

Нұр-Сұлтанда соғыс ардагерлеріне 1 млн теңге берілетіні рас па?

Нұр-Сұлтанда соғыс ардагерлеріне 1 млн теңге берілетіні рас па?
ашық дереккөзі
 width= Нұр-Сұлтанда 2021 жылы Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 миллионнан астам қаражат төлеуді ұсынылды. Әлеуметтік көмек көрсету ережелері бойынша, қала ардагерлеріне 67 айлық есептік көрсеткіш (195 439 теңге) көлемінде төлем берілуі керек. "Сондай-ақ, осы жылы 1941-1945 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай ардагерлерге 805 мың теңге көлемінде қосымша әлеуметтік көмек көрсету ұсынылады. Осылайша, 26 ардагерге 1 000 439 теңгеден беріледі" делінген қалалық мәслихат шешімінің жобасы "Ашық нормативтік-құқықтық актілер" порталында. Шешім жобасы мақұлданса жергілікті бюджеттен 18 млн 194 мың теңге бөліну қажет. Жоба 2021 жылдың 26 ақпанына дейін қоғамдық талқылауға ұсынылады.  

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату