
14 ақпанда елімізге 17 халықаралық әуе рейсімен 2 328 жолаушы келді, - деп хабарлайды Newsroom+ ақпарат агенттігі.
Кеше Қазақстан Республикасының аумағына Ұлыбритания, Германия, Мальдив Республикасы, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина және Ресей Федерациясынан 17 халықаралық әуе рейсі қонған.
2 328 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 771 адам, анықтамасыз Қазақстанның 557 азаматы келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 444 жолаушы, анықтамамен - 1 145, анықтамасыз - 299;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 884 жолаушы, анықтамамен - 626; анықтамасыз - 258.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша коронавирусқа ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантин стационарларында нәтижесін күтеді.