Түркістан облысының Мақтаарал ауданында абайсызда екі бала мерт болды. Қайғылы оқиға 29 сәуір орын алған деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, Мырзакент ауылында 2012 жылы дүниеге келген бала абайсызда «Достық» арнасына құлап, суға батып кеткен. Қайғылы оқиғаға куә болғандар баланың мәйітін судан алып шыққан. «Ал екінші оқиға Достық ауылында болды. Үйде үлкендердің қарауынсыз қалған екі жасар сәби электр розеткамен ойнап, тоқ соққан. Алған жарақатынан сәби оқиға орнында көз жұмды», - деп атап өтеді комитет қызметкері.
Осыған байланысты ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті алдағы уақытта мұндай қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін балаларды ата-анасының қарауынсыз қалдырмауы керек. Барынша сақтық шараларын орындап, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі, сондай-ақ тұрмыстық құрылғылар қосылатын розеткілерді жауып қою тиіс. Балаларды су қоймалары мен тоғанға жібермеген абзал.