Махаббат жасқа қарамайды: 36 жастағы әнші қалыңдық атанды

Махаббат жасқа қарамайды: 36 жастағы әнші қалыңдық атанды

ашық дереккөзі

 width= Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Мақпал Исабекова 36 жасында ресми түрде қалыңдық атанды. Бұл қуанышты жаңалықты қалың көпшілікке өнер иесінің өзі жария етті, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Бақыттан басы айналған әнші Instagram парақшасында ұсыныс жасалған күннен фото жариялап, жақында тұрмысқа шығатынын хабарлады. Аталмыш суретте Мақпал Исабекованың мейрамханада күлімдеп отырғанын көруге болады. Ал екінші фотода эстрада жұлдызы ғашығының өзіне тарту еткен гүл шоқтары мен сақинасын паш еткен.

"Мен сені сүйемін. Бақыттымын. Бүгін мен өзімнің сүйіктімнің қалыңдығы атандым" , - деген жазба қалдырды ол.
Өнер иесінің жанкүйерлері бұл жаңалыққа аса қатты қуанғаны анық. Олар Исабековаға әрдайым тез арада тұрмысқа шығып, балалы болуын тілеп келген болатын. Қалың көпшілік бірден әншіні қалыңдық атануымен құттықтап, өз жүрекжарды тілектерін жолдап жатыр.

Жүктелуде...