Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
15 ақпан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды

Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды

Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды
ашық дереккөзі
 width= Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды. 2021 жылдың 14 ақпанындағы жарияланған №4 қаулыға сәйкес, сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлері мен сауда желілерінің жұмысына тұрақты режимде рұқсат етілген. Жұмыс және демалыс күндері ашық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының штаттық режимде жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Адам толымдылығы 30 пайыздан аспайтын және 4 шаршыдан кем емес жабық және азық-түлік емес жабық базарларға әлеуметтік арақашықтықты, маска режимін, санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып, рұқсат беріледі. Сауда ойын-сауық орталығында орналасқан нысандарды қоса алғанда, қоғамдық тамақтану объектілерінің (жабық) қызметі сағат 7:00-ден 23:00-ге дейін шектеледі. Ол нысандарда соңғы төлем сағат 22:00-де дейін жабылуы керек. Әр үстелге 4 адамнан отыруға рұқсат. Әлеуметтік қашықтық, маска режимі, термометрия, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим сақталуы тиіс. 50 адамға дейін қатысатын мәдени нысандар мен концерт залдарының жұмысына (репетиция), залдарды 30 пайыздан аспайтын театрлардың, кинотеатрлардың жұмысына рұқсат етілген.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату