weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
15 ақпан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Гвинеяның ДСМ Эбола эпидемиясының басталғаны туралы мәлімдеді

Гвинеяның ДСМ Эбола эпидемиясының басталғаны туралы мәлімдеді

Гвинеяның ДСМ Эбола эпидемиясының басталғаны туралы мәлімдеді
ашық дереккөзі
 width= Гвинеяның Денсаулық сақтау министрлігіндегілер елдің оңтүстік-батысындағы Гуэк субпрефектурасында Эбола эпидемиясының басталғаны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости. Биліктің мәліметінше, елде Эболадан төрт адам қайтыс болғаннан кейін шаралар қабылданған.
"Осы жағдайды ескере отырып және Халықаралық денсаулық сақтау ережелеріне сәйкес, Гвинея үкіметі Гуэк субпрефектурасында, Нзерекор префектурасында Эбола вирусының эпидемиясы туралы хабарлайды", - делінген ел премьер-министрінің Twitter-дегі мәлімдемесінде.
Билік эбола ауруына күдік туғызған барлық адамды оқшаулауға, Эболаға төтеп беру жөніндегі үйлестіру және техникалық комиссияның жұмысын жандандыруға, Гуэкте науқастармен жұмыс істейтін орталық ашуға, сондай-ақ ДДҰ арқылы вакциналарды сатып алуды тездетуге кеңес берді.