weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
15 ақпан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанда наурыз мейрамын 10 күн тойлау ұсынылды

Қазақстанда наурыз мейрамын 10 күн тойлау ұсынылды

Қазақстанда наурыз мейрамын 10 күн тойлау ұсынылды
ашық дереккөзі
Қазақстанда Наурызды он күн тойлау ұсынылды. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Ашық НҚА сайтында Наурыз мейрамы тұжырымдамасын бекіту бойынша жобасына сілтеме жасап хабарлайды. Құжатқа сәйкес, Наурыз мейрамы 14-23 наурыз аралығында атап өтіледі:
  • 14 наурыз - Көрісу күні
  • 15 наурыз - Жайлау күні
  • 16 наурыз - Шежіре күні
  • 17 наурыз - Тарихқа тағзым күні
  • 18 наурыз - Игі істер күні
  • 19 наурыз - Шымырлық пен шеберлік күні
  • 20 наурыз - Зияткерлік күні
  • 21 наурыз - Ұлттық тағамдар күні
  • 22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні
  • 23 наурыз - Жоралғы күні
«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласында Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын әзірлеп, көктем мерекесінің мазмұнын байытуды тапсырды. (...) Наурыз мейрамының негізгі мақсаты - Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру», - делінген құжатта.