Алматы облысында жолаушылар қар көшкінің астында қалды

Алматы облысында жолаушылар қар көшкінің астында қалды

ашық дереккөзі

 width= Алматы облысында жолаушылары бар «Газель» қар көшкіні астында қалды, - деп хабарлайды Newsroom+ ақпарат агенттігі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 9 ақпанда сағат 17.00-де Панфилов ауданының Басқұншы ауылдық округінде, таулы жерде, жаңадан салынып жатқан Шүкірбұлақ - Қазанкөл трактор патрульдік жолының 23-ші шақырымында болды. Екі қар көшкіні «Газельді» басып қалды, оның салонында осы жолды салумен айналысатын мердігер ұйымның жеті қызметкері болған. Олар жұмыстан соң 19-шы шақырымда орналасқан уақытша базаға кетіп бара жатқан.

«Мердігер ұйым өз күштері мен қаражатына жеті қызметкерге көмек көрсетті. Қар көшкіні салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, жол тазаланды. ТЖД құтқарушылары оқиға болған жерге шақырылмады. Жағдайды нақтылау үшін оқиға орнына ТЖД, «Қазселденқорғау» және ЖАО қызметкерлерінен төрт адам шықты», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, бұған дейін Алматы облысының ТЖД өкілдері өңірдің таулы аудандарында көшкін болуы мүмкін екенін ескерткен болатын. Облыс аумағында көшкін қаупі әлі де бар. Осыған байланысты сақтық ережелерін сақтау және таулы жерлерге барудан және серуендеуден бас тарту қажет.

Жүктелуде...