Алматы әуежайында Qazaq Air ұшағының шассиі жарылды

Алматы әуежайында Qazaq Air ұшағының шассиі жарылды

ашық дереккөзі

 width= Qazaq Air ұшақтарының шассиі жарылды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті хабарлады. Әуе компанияның ұшақтарымен болған екі оқиға бойынша ақпарат расталды. Біріншісі 12 ақпанда, екіншісі бүгін болған.

«12 ақпанда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23.20-да Qazaq Air әуе компаниясының Нұр-Сұлтан-Шымкент бағыты бойынша ұшатын QAZ427 рейсінің ұшағымен авиациялық оқиға болды. Алдыңғы шасси қақпағының жарылуына байланысты әуе кемесі 700 метр жүріп, ары қалай ұшып кетпеді. Ұшақ тұраққа сүйреп апарылды». «13 ақпанда сағат 08.12-де Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы QAZ353 тұрақты рейсін орындаған Qazaq Air әуекомпаниясының басқа әуе кемесінің қонуынан кейін шассидің оң тіреуінің екі пневматикасының бұзылуы анықталды. Ұшақтағы барлық жолаушылар эвакуацияланды, зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.
Екі оқиғаны министрліктің авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасы анықтайды.

Жүктелуде...