Бүгіннен бастап жүргізуші куәлігін ұстамауға болады

Бүгіннен бастап жүргізуші куәлігін ұстамауға болады

ашық дереккөзі

 width= 13 ақпан қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін өзімен бірге алып жүрмеуге рұқсат ететін жаңа заң күшіне енді. Жаңа заңның талаптары бойынша тек жеке куәлікті ғана ұстауға рұқсат берілген. Полицейлер қалған құжатты ақпараттық база арқылы тексереді. Бұдан бөлек, кейбір жүргізушілер бұған дейінгі айыппұлдан босатылады. Полиция көлік иесін ақпараттық жүйелер арқылы тексереді. Қызметтік планшеттерде "Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі" деген арнайы бағдарлама орнатылған, онда жүргізуші мен автокөлік жайлы барлық дерек: көлік кімге тиесілі, қандай тәртіпбұзушылықтар болды, техникалық байқаудан өткен және сақтандыру полисі рәсімделген уақыт. Бүгінде полицейлерде осындай 8 649 планшет бар. Жеке басты куәландыратын құжаттарға Қазақстан азаматының төлқұжаты, жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі жатады. Студенттік билет, қызметтік куәлік оларға жатпайды. Бұл өзгеріс шетелдіктерге қатысты емес, олар бұрынғыша жүргізуші куәлігі мен төлқұжаттарын өзімен бірге алып жүруге міндетті.

Жүктелуде...