weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
13 ақпан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жапонияда жалғыздық жөніндегі министрлік құрылды

Жапонияда жалғыздық жөніндегі министрлік құрылды

Жапонияда жалғыздық жөніндегі министрлік құрылды
ашық дереккөзі
 width= Пандемия кезінде суицидтің көбеюіне байланысты Жапонияда жалғыздық мәселелері жөніндегі министр лауазымы пайда болды. Премьер-министр Есихидэ Суга аймақтық даму министрі Тэцуси Сакамотоны жалғыздық министрі етіп тағайындады. Бұл туралы жергілікті Sankei порталы хабарлады.
«Бұл министрліктің мақсаты - халықтың қартаюына байланысты пайда болатын әлеуметтік мәселелерді шешу. Бұған ең алдымен әйелдер мен жастар арасындағы суицид мәселесі де кіреді», - деп жазады басылым.
Сарапшылардың пікірінше, эпидемия кезеңінде жұмыссыздық және балаларға, үйге күтім жасау жүктемесі стресс деңгейін жоғарылатады. Айта кетерлігі, Жапония билігі психикасы әлсіз адамдар күрт өзгеретін жұмыс режиміне төтеп бере алмайды деп алаңдаған. Алайда, сәуір айында елдегі суицид саны ересектер арасында 2019 жылдың сәуірімен салыстырғанда 20 пайызға төмендеді. Бұл – соңғы бес жылдағы ең маңызды көрсеткіш.