
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Asia Credit Bank-ті банк және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге берген лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдады.
Агенттіктің мәліметінше, лицензиядан айыруға банктің талаптарды орындамағаны себеп болған.«Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2021 жылғы 11 ақпандағы №22 қаулысына сәйкес, Asia Credit Bank (Азия Кредит Банк) АҚ-ты агенттік банкке банк және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге берген лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданды» делінген хабарламада.Лицензиядан айыруға себеп болған жайттар:
- пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзу;
- қадағалап ден қою шараларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамау;
- уәкілетті органның қосымша капиталдандыру жөніндегі талаптарын банктің ірі қатысушысының орындамауы.