"Педагогтердің жалақысы 330 мың теңгеден асады". Мамин мәлімдемесі

"Педагогтердің жалақысы 330 мың теңгеден асады". Мамин мәлімдемесі

ашық дереккөзі

 width= Премьер-министр Асқар Мамин 2023 жылға қарай педагогтердің айлығы екі есе өсетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Nur Otan фракциясының кеңейтілген отырысында айтты. – Педагогтердің жалақысы 2023 жылға қарай 2 есе, 330 мың теңгеден асады. Орташа жалақы жыл сайын кемінде 25 пайыз өседі. 2023 жылға қарай білім беру жүйесі білікті мұғалімдермен 100 пайыз қамтылады. Жастар сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждер де тегін оқытылады. Биыл тегін оқу мүмкіндігі 20 мың адамға беріледі. 2025 жылы 50 мыңға дейн ұлғаяды, – деді Мамин. Сонымен қатар үкімет басшысы биыл студенттердің степендиясы 2 есе өсетінін айтты. – Биыл тегін оқу мүмкіндігі 20 мың адамға беріледі. Кейін жыл сайын ұлғайтылып, 2025 жылы 50 мыңға дейін жеткізіледі. Студенттердің степендиясы жыл сайын 20 пайызға артып, 2 есе өседі. Ал магистранттар мен докторанттарға жыл сайын 10 пайызға артып, 1,5 есе өседі, – ол.

Жүктелуде...