Қытай билігі BBC World News телеарнасының ел аумағында хабар таратуына тыйым салды

Қытай билігі BBC World News телеарнасының ел аумағында хабар таратуына тыйым салды

ашық дереккөзі

 width= Қытай билігі ұлыбританиялық BBC World News телеарнасының ел аумағында хабар таратуына тыйым салды, - деп хабарлайды Deutsche Welle. Қытай Ұлттық радио және теледидар әкімшілігі (NRTA) телеарна Қытай Халық Республикасының (ҚХР) аумағында телерадио хабарларын тарату ережелерін бұзғанын хабарлады.

Арнада көрсетілген жаңалықтар тиіс ережеде талап етілгендей "шыншыл және адал" болмаған. Сонымен қатар, агенттік телеарна жаңалықтары Қытайдың ұлттық мүддесіне және ел бірлігіне нұқсан келтіретінін мәлімдеді.
"Мемлекеттік радио және телевизия басқармасы BBC World News-ке Қытайда хабар таратуға рұқсат бермейді. Биыл хабар таратуға өтінімдер қабылданбайды", - делінген хабарламада.
Өз кезегінде BBC World News корпорациясы бұл шешімнің дұрыс емес екенін айтты. Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Доминик Рааб телеарнаға тыйым салу туралы шешімді "сөз бостандығын шектеу" деп атады.
"Қытайда әлемдегі БАҚ пен интернет бостандығына қатаң шектеулер бар және бұл қадам Қытайдың бүкіл әлемдегі беделіне нұқсан келтіреді", - деп жазды Рааб Twitter-парақшасында.

Жүктелуде...