Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
29 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Шымкентте 7 255 азаматқа коммуналдық төлем берілетін болды

Шымкентте 7 255 азаматқа коммуналдық төлем берілетін болды

Шымкентте 7 255 азаматқа коммуналдық төлем берілетін болды
ашық дереккөзі
 width= Шымкентте коммуналдық төлемге өтініш берген 7 255 тұрғынға 15 000 теңге берілетін болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, карантинге жабылған өңірлерде тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеден берілетіні бұған дейін хабарланған болатын. Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен онлайн брифингте Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов тұрғындарға берілетін өтемақыға қатысты жан-жақты ақпарат берді. «Аталған көмекті алу үшін азаматтардан өтінімдерді қабылдау мақсатында «communal-komek.kz» сайты іске қосылған болатын. Онда әрбір азамат өзінің ЖСН, әлеуметтік мәртебесін және жеке шоттарын енгізе отырып, өтінім бере алады. Жалпы 21 сәуірден бастап 22 390 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 14 773 азаматтың жеке шоттары сәйкестігі деректер арқылы тексеріліп, нәтижесі бойынша 7518 азаматтың есеп шоттары анықталмаған. Ал 7 255 азаматтың өтінімі мақұлданған,» — деді басқарма басшысы.  width=Айта кетсек, әлеуметтік көмек бойынша азаматтарға кеңес беру мақсатында Шымкентте Call-орталық ашылған. Орталық таңғы 09:00 мен 18:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді. 15 000 теңге көлеміндегі коммуналдық төлемге қатысты сауалдар болса, 8(7252) 39-23-68 нөміріне хабарласуларыңызға болады. Оған қоса, қалада волонтерлер арқылы «Ізгілік» Call-орталығы жұмысын жалғастыруда. Байланыс нөмірлері: Абай ауданы: 8-778-171-00-28, 8778-471-10-45 Еңбекші ауданы: 8-778-171-00-37, 8-778-171-00-47, 8-778-471-10-29 Әл-Фараби ауданы: 8-778-171-00-56, 8-778-171-00-51, 8-778-471-10-57 Қаратау ауданы: 8-778-171-00-76, 8-778-171-00-26, 8-778-471-10-49.