Түркіменстан президенті ұлын вице-премьер етіп тағайындады

Түркіменстан президенті ұлын вице-премьер етіп тағайындады

ашық дереккөзі

 width= Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов 39 жастағы ұлы Сердарды премьер-министрдің орынбасары және Жоғарғы бақылау палатасының төрағасы етіп тағайындады, деп хабарлайды Newsroom+ ақпарат агенттігі Риа Новости порталына сілтеме жасап. Бұл мақсатта мемлекет басшысы премьер-министр орынбасарларының санын көбейткен. Осылайша ел үкіметі мен мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің бірлескен отырысында тиісті Жарлыққа қол қойды. Бердімұхамедов жаңа вице-премьердің міндеттеріне мемлекеттік және қоғамдық құрылым жүйесін, денсаулық сақтау, білім беру, қаржы және экономика саласын цифрландыру мен инновациялық технологиялар енгізу кіретінін атап өтті.

«Мен Сердар Бердімұхамедовті министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Түркіменстан жоғары бақылау палатасының төрағасы, мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің мүшесі етіп тағайындаймын. Оны өнеркәсіп және құрылыс өндірісі министрі қызметінен босатамын», - деді түркімен басшысы отырыста.
Сердар Бердімұхамедов, сондай-ақ Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болады. Ол бұған дейін 2020 жылдың 7 ақпанынан бастап Түрікменстанның өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметін атқарған. Кіші Бердімұхамедовтың орнына осы департаменттің вице-министрі болған Баймырат Аннамаммедов тағайындалды.

Жүктелуде...