"Енді жасырғым келмейді": Say mo әншінің суреті халықты шалқасынан түсірді

"Енді жасырғым келмейді": Say mo әншінің суреті халықты шалқасынан түсірді

ашық дереккөзі

 width= Қалың көпшілікке танымал  Say Mo  Мөлдір Есембек жақында ана атанбақ. Өнер иесі әлеуметтік желіде аяғы ауыр екенін жариялады. Айта кету керек, әртіс қаңтар айының соңында Серік Шәріппен заңды түрде ажырасып кеткен болатын.  Атышулы Say Mo өз парақшасында іші шығып қалған фотосымен бөлісіп, Instagram желісін шулатты. Әнші жүктілігін растап тұрған суреттің астына "енді жасырғым келмейді" деген жазба қалдырған. Желі қолданушылары бірден өнер иесінің соңғы жариялаған фотосын қызу талқыға салған. Қалың көпшілік Мөлдір Есембектің сәби күтіп жүргеніне қатты таңғалып, бұл ақпаратқа әрең сенген. Олардың пікірінше, әнші барлығын хайп үшін жасап жатыр деп те ойлаған. "Шынымен солай болғаны ма? Мөлдір құтты болсын. Сен жақсы ана боласың" , "Сене алар емеспін. Жүктілігің жеңіл өтіп, сәбиіңді аман-есен босан" , "Өтірік секілді. Бұл ақпаратқа сенбеймін. Хайп үшін секілді, жаңа әндері шықты дегендей" , "Жақында ғана ажырасып кетіп едің ғой, - деп жазуда желі қолданушылары.

Жүктелуде...