Қарағанды облысында қаржы пирамидасы анықталды

Қарағанды облысында қаржы пирамидасы анықталды

ашық дереккөзі

 width= Ақпан айында Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қаржылық пирамида қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды Newsroom+ ақпарат агенттігі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап. «Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, 2020 жылы ұйымдастырушымен салым сомасының теңгемен 18% - ы және валютамен 6% - ы мөлшерінде жыл сайынғы табыс алу шартымен 80 миллион теңгеден астам сомаға жеке тұлғалардың ақшалай қаражаты тартылған» - делінген хабарламада. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 217-бабының 1-бөлігі «қаржы (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, жәбірленуші ретінде 180-нен астам адам анықталды.

Жүктелуде...