Қазақстандағы банктердің бірі лицензиясынан айырылды

Қазақстандағы банктердің бірі лицензиясынан айырылды

ашық дереккөзі

 width= AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк) АҚ-ты Агенттік Банкке банк және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге берген лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасының 2021 жылғы 11 ақпандағы № 22 қаулысына сәйкес AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк) АҚ-ты Агенттік Банкке банк және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге берген лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.
Лицензиядан айыруға мыналар негіз болды:
пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзу; қадағалап ден қою шараларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамау; уәкілетті органның қосымша капиталдандыру жөніндегі талаптарын Банктің ірі қатысушысының орындамауы. Лицензиядан айыру күнгі жағдай бойынша Банк активтерінің мөлшері 45,4 миллиард теңге, несие портфелі - 45,0 миллиард теңге, оның ішінде 31,6 миллиард теңге немесе банктің несие портфелінің 70,0 пайызы 90 күннен астам мерзімі өткен жұмыс істемейтін кредиттер. Лицензиядан айырылған күні AsiaCredit Bank өтімді активтерінің мөлшері 75 миллион теңгені құрады, бұл ретте орындалмаған клиенттік төлемдердің мөлшері 8,0 миллиард теңгеден асады.

Жүктелуде...