"Ол өзбек, тәжік және басқа ұлт өкілі": Шавкат Рахмонов өз ұлты туралы сұраққа жауап берді

"Ол өзбек, тәжік және басқа ұлт өкілі": Шавкат Рахмонов өз ұлты туралы сұраққа жауап берді

ашық дереккөзі

 width= Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Forbes Kazakhstan Youtube арнасына берген сұхбатында өзінің ұлты туралы айтып берді  Сұқбат кезінде журналист спортшыға "барлығы сіздің ұлтыңыз туралы айтады. Сен қазақсың ба, әлде қазақ емессің бе?.. Желі қолданушылар өзара "ол өзбек, тәжік және басқа ұлт өкілі" деп сөзге келіп жатады... Бұл сіздің шамыңызға тимей ме?" деп сұрақ қойды.

"Жас кезімде бұндай әңгімелер менің ашуыма тиетін. Бірақ кейінірек бұның еш пайдасы жоқ сөзге келу екенін түсіндім. Ең бастысы, сіз ата-анаңызды, өз тарихыңызды жүрегіңізбен білуіңіз керек. Менің ұлтым - қазақ. Менің әкем қазақ, менің анам қоңырат. Мен қазақпын. Иә, мен Өзбекстанда тудым, ал есімім қазақтар арасында сирек кездесетін арабтың аты... Мен Өзбекстанда өмірге келгеніме, сол жерде оқығаныма қуаныштымын. Мен өз Отанымды жақсы көремін. Мен Өзбекстанда туғанымды, ұлтымның қазақ екенін мақтан етемін. Сонда да жұрт бұл туралы айта береді, бірақ мен оны жақсы қабылдаймын", - дейді Рахмонов.

Жүктелуде...