Жоғарғы соттың судьясы пара алу үстінде ұсталды

Жоғарғы соттың судьясы пара алу үстінде ұсталды

ашық дереккөзі

 width= Нұр-Сұлтан қаласында жоғары сот судьясы Мейрам Жанғұттинов ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттік пен жоғары соттың ішкі қауіпсіздік қызметі белгілі бір уақыт ішінде бірлескен іс-шаралар жүргізген. Нәтижесінде, 11 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында ірі көлемдегі ақша алу кезінде жоғарғы сот судьясы ұсталды. Қаражат оның жоғары сот кеңесінде жұмыс істеген кезінде Түркістан облысы аудандық сотының судьясын басқа сотқа ауыстыруға жәрдем көрсеткені үшін берілген. Осы уақытта Түркістан қаласында ақшаны беріп жіберген аудандық соттың судьясы ұсталды", делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу амалдарының жүргізілуіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.

Жүктелуде...