Тоқаев: Үкімет пен қорға тиісті тапсырма берілді

Тоқаев: Үкімет пен қорға тиісті тапсырма берілді

ашық дереккөзі

 width= Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Samruk Business Forum отандық тауар өндірушілерді қолдау форумында жекешелендіру барлық процесінің ашық өтуіне ерекше тоқталды. – Жекешелендіру мемлекеттік меншікке қатысты болғандықтан азаматтарымыз оның барлық шартын білуге құқылы. Қоғамдық бақылау – жекешелендіру процесінің барлық кезеңінің тиімді әрі ашық өтуінің пәрменді құралы. Үкімет пен қорға тиісті тапсырма берілді. Қордың ірі компанияларына қатысты айтсақ, «Халықтық IPO» арқылы жекешелендіру өте өзекті болмақ. Өз қаржысын тиімді пайдаланғысы келетін еліміздің әрбір азаматы ұлттық байлықтың бір бөлігін иеленуге мүмкіндік алуы тиіс, – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев тағы бір маңызды мәселе ретінде еліміздің 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының мақсат-міндеттеріне сәйкес «Самұрық-Қазынаның» басымдықтарын кеңейту мәселесіне тоқталды. Қор мен портфельді компанияларды дамыту жоспары осыған сәйкес келуі тиіс. – Қордың инвестициясы да ұлттық экономикаға бағытталуы үшін инвест-портфельдерді әртараптандыру маңызды. Ұлттық әл-ауқат қоры өзінің атына сай болуы керек. Менің бұған күмәнім жоқ. Ел экономикасы үшін қордың орасан зор маңызын ескере отырып, жалпымемлекеттік басымдықтарға қол жеткізу жолында одан әрі дәйекті жұмыс істей береді деп сенемін, – деді Президент. Сондай-ақ форум барысында «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, «Ақ Жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы Мейрам Пішембаев сөз сөйледі. Мемлекет басшысына инвестициялық бастамалар, Қорды инвестициялық холдингке кезең-кезеңімен айналдыру жұмысының барысы және "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының бірқатар цифрлық жобалары таныстырылды. Форум қорытындысы бойынша бірқатар офф-тейк келісім-шарт пен стратегиялық келісімге қол қойылды.

Жүктелуде...