Үйімізге "қабырғалас" болып, жаңа көршілер қоныс аударған. Бір апта бойы ұрыс-жанжалдан көз ашпай келеді. Бүгін тағы да көрші пәтерден айқай-шу шықты. Тыңдамайын десең, боқтаған еркек пен жанұшыра айқайлаған әйелдің дауысын еріксіз есітуіңе тура келеді. Сондағы барлық ұрыс-керістің кесірі, "төсекте" бір-біріне көңілі толмайтыны себеп екен деп ағынан жарылды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісіне Жамал есімді келіншек.
"Олардың жатын бөлмесі біздің де демалатын бөлмемізге жабысып қалған. Құдай-ау, не сөздер айтпайды екеуі? "Маған олай істе, бұлай істе деп жезөкше көреді екенсің ғой. Көшеде күні бойы қаңғырып, мүмкін оқытушыларың бар шығар. Одан да ақша табудың жолын қарастырсаң болады ғой!,"-дейді бажылдаған әйелі.
"Сен менің қалағанымды орындамайсың, қанағаттандырмайсың! Төсекте кескен томардай жатасың да қоясың! Өтірік болса да жыныстық қатынас кезінде ыңырсып, құшақтап, аймаласуды білмейсің!" деп зіркілдеген еркегіне "оны қайдан білесің? Біреумен жатып жүрген секілдісің!" деген екеуара әңгіме үлкен жанжалға ұласты. Бір-біріне көңілі толмайтын, төсектегі қарым-қатынасы дұрыс емес олар қалай отбасы болмақ? Жастары болса 35-40 қа жетіп жығылады. Қабырғаны ұрып, ескертуге де пысқырмайтындарға, бірдеңе деп айту да ұят екен. Екі баланың ата-анасы болып отырған ерлі-зайыптылардың не балаларынан, не көршілерінен именбей, "ашық секс сөз таластарына" бірдеңе айту қиынға соғып отыр.