Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова брифинг барысында коронавирус инфекциясының екінші толқынын қай кезеңде болатындығын болжап айтты деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенеттігінің тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Бас санитар коронавирустың өздігінен жоғалып кетпейтінін, оның SARS, тұмауы сияқты маусым сайын бой көтеретін инфекциялар қатарына жататынын айтты.
"Алдын-ала мәліметтер бойынша, COVID-19 SARS және тұмау сияқты маусым сайын бой көрсетуімен сипатталады. Яғни, жұқпалы инфекция қыркүйектің соңы - қазан айының басынан төбе көрсетіп, сәуір айының соңы, мамыр айының басында басылуы мүмкін", - деді Есмағамбетова.
Бүгінгі таңда оның айтуынша, коронавирус - бұл жаңа вирус және күн сайын ол өзгеріске ұшырап отырады. Оның алдын-алу туралы жаңа мәліметтер пайда болуда.
Еске сала кетсек, дүниежүзіне тараған індетке қарсы екпенің қашан пайда болатыны белгісіз.