ШҚО-да қар көшкінінің астында қалған турист көз жұмды

ШҚО-да қар көшкінінің астында қалған турист көз жұмды

ашық дереккөзі

 width= ШҚО-да қар көшкінінен турист қаза тапты. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. 10 ақпанда облыс орталығынан келген алты саяхатшы Риддер қаласының Сержиха тауында сырғанап жүрген. Кенеттен таудан көшкін жүріп, демалушылардың бірін қар басып қалған.

«Дереу көмекке ШҚО ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылар тобы кинологиялық есеппен бірге Еврокоптер-145 тікұшағымен шықты, құрамында 5 адам бар екінші топ жол талғамайтын көлікпен Өскеменнен шықты, оған қоса Риддер қаласынан құтқарушылар мен 4 волонтер қарда жүргішпен қосымша жұмылды», - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
16.23 сағатта тікұшақ күннің бұлтты болуы мен көзге түрткісіз түтек бораннан қонуына мәжбүр болған. Осы уақытта саяхатшылар байланысқа шығып және зардап шеккенге дейін жетіп, қар астында қалған 1979 жылы туған еркектің денесін алып шыққанын айтқан.
«Саяхатшылар тұрған орындарының нақты координаттарын беріп, ол жерге құтқарушылар мен волонтерлар қарда жүретін техникамен жетті. Таудан түсу қар жабынының биіктігімен, қараңғы түсумен, тік қия және төменгі ауа температурасы қиындатты. 11 ақпанда 8 волонтер, 2 құтқарушы және 1 криминаллық полиция сарапшыдан тұратын топ, сонымен қатар 3 саяхатшы қаза болған адамның денесін түсіру үшін тауға кетті», - делінген хабарламада.
 width= ШҚО ТЖД құтқарушылары бірнеше күн қатарынан тұрғындарға алдын ала таудағы көшкін қаупі туралы ескерту жасағаны хабарланды. ҚР ТЖМ өкілдері мынадай ескерту жасады: - Қолайсыз ауа-райы, қар кезінде тауға шықпаңыз; - Қатты жел және жылымық кезде; - Тауда жүрген кезде ауа райын қадағалаңыз; - Тауға шыққан кезде баратын ауданды, көшкін жүруі ықтимал орындарды біліңіз. Ол көбінесе беткей еңісі 30°градустан асса жиі болады, егер де беткейде бұталар мен ағаштар болмаса – еңісі 20°. Беткей еңісі 45° асатын болса көшкін әр қар жауған сайын жүреді. Ал көшкінге тап болсаңыз: - Көшкін жүргенін көрсеңіз жолынан көлденеңінен қарай қашуға тырысыңыз; - Төмпешік, қуыс болса тасасына тығылып қалыңыз; - Көшкіннен қашып кете алмасаңыз – артық заттардан арылыңыз; - Мұрын мен ауызды қолғаппен жабыңыз, көшкінде келе жатып қолмен жүзу қимылдарын жасаңыз және қолдарыңызды жоғары шығаруға тырысыңыз; - Көшкін тоқтаған кезде беттің маңайына, кеуде тұсына кеңістік қалдырыңыз, ол тыныс алуға мүмкіндік береді; - Мүмкіндік болса жоғарыға қатай ұмтылыңыз (оны сілекейдің көмегімен анықтаңыз); көшкінде қалғанда айғайламаңыз, қар дыбысты толық сіңіріп алады, айғай мен ретсіз қимылдар күшіңіз бен оттегін, жылуды сарқылтады. - Төтенше жағдай кезінде 112-ге хабарласыңыз.

Жүктелуде...