Коронавирустың қайдан пайда болғаны белгілі болды

Коронавирустың қайдан пайда болғаны белгілі болды

ашық дереккөзі

 width= Қытайдың Ухань қаласына індеттің шығу тегін анықтауға барған дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары коронавирус адамдарға жануардан жұғуы мүмкін екенін айтты. - Вирусты табиғи жолмен тарататын иесі болуы мүмкін. Бірақ Ухань жарқанаттардың көп жиналатын жері емес, сондықтан ол нұсқаны мақұлдай алмаймыз. Бірақ бұл басқа да жануарлардың әсерінен болуы мүмкін, - деді ДДҰ миссиясының мүшесі Питер Бен Эмбарек. Бұған дейін  АҚШ-тың экс-президенті инфекция «зертханадан» шыққан деген еді. Ол бұны сенімді түрде айтты. Десе де ғалымдар бұл пікірді екіталай деп есептейді. - Уханьдағы зертханаларды араладық . Ол жерден вирус шығып кетуі мүмкін емес. Сондықтан, бұл орын қосымша тексерісті қажет етпейді, - деді ДДҰ миссиясының мүшесі Питер Бен Эмбарек. Дегенмен қазір коронавирустың жаңа мутациясы тарап жатқан елдер қатары көбейіп келеді. Халықаралық ұйымның ақпараты бойынша тиісті қабылданған шараларға қарамастан «британдық» штамм 86 елде, коронавирустың «оңтүстік африкалық» формасы 44 елде, ал «бразилиялық-жапондық» түрі 15 елде тіркелген. Бұл қорқынышты болмауы мүмкін, дейді мамандар. Ұлыбритания билігі инфекцияның жаңа штаммы таралмау үшін барлық шараны қолға алмақ. Мәселен, бұл ел 33 штатқа кіруіге тыйым салды. Ережені бұзғандар түрмеге түседі. - Басқа мемлекеттерден келген азаматтарымыз өздерінің қауіпті елдерде  болғанын жасырып келген. Олар тиісті жазасын алды. Туристер он жылға дейін бас бостандығынан айырылады, - деді Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Мэтт Ханкок.  

Жүктелуде...