Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
11 ақпан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Ипотекасыз үйді қалай алуға болады?

Ипотекасыз үйді қалай алуға болады?

Ипотекасыз үйді қалай алуға болады?
ашық дереккөзі
 width= Зейнетақы жинағын пайдалана отырып, ипотекасыз тұрғын үй сатып алу (толық сатып алу) кезінде қандай құжаттар керектігі жарияланды. Бұл туралы Отбасы банкі әлеуметтік желідегі парақшасынада хабарлады. 45 күннің ішінде​ сатушымен бірге Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе​ нотариусқа барып сатып алу-сату келісімшартын рәсімдеп, қаражаттың мақсатты қолданылатынын растау үшін​ келесі құжаттарды enpf-otbasy.kz онлайн платформасына PDF форматында жүктеу қажет: 1.​ ​ ​Уәкілетті орган тіркеген тұрғын үйді сатып алу-сату шарты.
2.​ ​ ​Мемлекеттік тіркеу туралы анықтама. (сатып алу-сату шартын тіркеген мекемеден алынады ХҚКО немесе нотариус) 3.​ ​ ​Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама (egov.kz – арқылы алуға болады) 1 және 2 құжаттарды бір PDF файлға жүктеу керек. Егер сіздің сканер PDF форматындағы құжат жасай алмаса, онда www.ilovepdf.com сайты арқылы кез келген JPEG, PNG немесе басқа форматтағы құжатты PDF – ке тегін ауыстыра аласыз. Құжаттарды жүктеген соң қаражатты сатушыға аудару туралы өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қойыңыз. 10 жұмыс күні ішінде қаражат сатып алу-сату келісімшартында көрсетілген деректемелер бойынша сатушының шотына түсетін болады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату