«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ISO сертификаттау аудитінен сәтті өтті

 «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ISO сертификаттау аудитінен сәтті өтті

ашық дереккөзі

 width=  «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК «CERT International» менеджмент жүйелерін сертификаттау органы өткізген ISO 37001:2016 стандарты бойынша сертификаттау аудитінен сәтті өтті. Аудит нәтижелері бойынша Орталықтағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі ISO 37001:2016 стандартының талаптарына қолдану аясымен сәйкестігі расталды: «Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау, сондай-ақ жол активтерін басқару». Мәлімет үшін, CERT International – Халықаралық сертификаттау органы. Словакияның SNAS ұлттық аккредиттеу қызметінде Еуропалық аккредитацияға ие. Аккредиттеу жөніндегі Халықаралық форум негізінде алынған сертификат іс жүзінде бүкіл әлемде мойындалып, сол арқылы Еуропа, АҚШ, Канада, Жапония, Қытай, Германия, БАӘ нарықтарына шығуға мүмкіндік береді.

Жүктелуде...