Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
29 сәуір, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Президенттік клиника дәрігерлері қостанайлық пациенттің өміріне араша түсті

Президенттік клиника дәрігерлері қостанайлық пациенттің өміріне араша түсті

Президенттік клиника дәрігерлері қостанайлық пациенттің өміріне араша түсті
ашық дереккөзі
ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының хирургиялық қызметінің жетекшісі, тамырлы хирург Берік Кайкенов пен хирург-аритмолог Ринат Камиев барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, Рудный қаласының қалалық ауруханасы базасында бірнеше операция жасау үшін Қостанай облысына барды. Бұл туралы Президенттік клиниканың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NewsRoom + ақпарат агенттігінің тілшісі хабарлайды. Тамырлы хирург Берик Кайкенов: «Біз пациенттерге қашықтықтан  консультация бердік. Олардың бірі өмірге қауіпті қарыншалық тахикардия салдарынан шұғыл ауруханаға жатқызылды. Пациентті біздің Ауруханаға тасымалдау өте қиын, оның үстіне қауіпті де болды. Рудный ауруханасының басшылығы бізді шақыртуға шешім қабылдап, біз өз тарапымыздан коронавирусқа анализ тапсырдық та, Нұр-Сұлтаннан Рудныйға жолға шығып кеттік» Рудный қаласының қалалық ауруханасының және Президенттік клиниканың докторларының имплантациялау бойынша бірлескен операциясы сәтті өтті. Операция жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдана отырып жасалды. Дәрігер-аритмолог Ринат Камиев былай деп әңгімелейді: «64 жастағы пациенттің артериялық қысымының төмендеуі және науқастың жағдайының ауырлығымен қатар, қауіпті қарыншалық тахикардия салдарынан кенеттен жүрек өлімінің туындау қаупі жоғары болды. Кардиовертер-дефибриллятор имплантациясы жүргізілді. Алдағы уақытта бұл аппарат өмірге қауіпті аритмиялардың пайда болуы тұрғысынан пациенттің жағдайын үнемі бақылап отыратын болады. Операциядан кейін пациентті одан әрі жүргізу бойынша ұсыныстар берілді» Рудный ауруханасында өткізген бірнеше күн ішінде Президенттік клиниканың докторлары аяқтың күрделі ишемиясы бар пациенттерге қан ағымын қалпына келтіру бойынша 2 рентгенэндоваскулярлық операция  және бір  кардиовертер-дефибриллятор имплантациясын жасалды. Алена Жарких, Рудный қаласы ауруханасының хирургы: «Президенттік клиниканың докторлары Берік Болатұлы мен Ринат Тоқтажанұлына баға жетпес көмегі үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Осындай қиын уақытта, пандемия кезінде бізге келіп, пациентімізге көмек көрсете алды. Қарапайым тілмен айтқанда, оларды бір өлімнен арашалап қалды! Барлықтарыңызға мықты денсаулық тілеймін, жаманшылықтың бәрі тез арада аяқталып, карантинді бітіп, біздің өміріміз бұрынғы арнасына қайтып оралсын және ынтымақтастығымыз одан әрі жалғасын табады деп үміттенемін!» Сондай-ақ, Президенттік клиниканың докторлары стационарлық емдеуде жатқан пациенттерге консультация беріп, пациенттерді емдеу тактикасы бойынша ұсыныстарын айтты.