«Қосшы Нұр-Сұлтанға қосыла ма?»: Көлгінов жауап берді

«Қосшы Нұр-Сұлтанға қосыла ма?»: Көлгінов жауап берді

ашық дереккөзі

 width= Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов тұрғындармен есеп беру кездесуінде «Қосшы елдімекені қалаға қосыла ма?» деген сауалға жауап берді. Әкімнің айтуынша, үлкен қаланың төңірегінде қалашықтар пайда болуы заңдылық және Қосшыны қалаға қосатын жоспар жоқ екен.

«Қосшы ауыл емес, үлкен қала болды. Біз Ақмола облысы әкімдігімен тығыз жұмыс істейміз. Өткен жылы карантин кезінде Қосшыны блок-посттың ішіне қостық. Неге? Өйткені, тұрғындарының басым бөлігі қалада жұмыс істейді, оқиды, ем алады. Бүкіл қызметтердің барлығы қалада сіздер үшін ашық, оны ешікім шектемейді. Тап осындай Қосшы секілді қаланың маңайында бірнеше елді мекен бар. Урбанизация жүйесінде агломерация деген бар. Яғни, үлкен қаланың төңірегінде қалашықтар пайда болады. Ол заңдылық», - деді Көлгінов.
Көлгінов сонымен қатар қаланың аумағында 16 тұрғын үй алабы барын, онда 300 мыңға жуық адам тұратынын жеткізді.
«Ақмола облысы Нұр-Сұлтан қаласымен бірге тығыз жұмыс атқарады. Қазір қалаға қосатын ешқандай жоспар жоқ. Себебі бізде қала аумағындағы тұрғын үй алаптарымен айналысатын мәселелер жеткілікті. Өңір-қала болып бірлесе жұмыс атқаруға дайынбыз», - деді әкім.

Жүктелуде...