Шенеунік абайсызда судың орынына санитайзер ішіп қойған

Шенеунік абайсызда судың орынына санитайзер ішіп қойған

ашық дереккөзі

 width= Үндістанда маңызды отырыстардың біріне келген шенеунік абайсызда судың орнына санитайзер ішіп қойған.  Коронавирус өршіп тұрған бүгінгі таңда жиындарға санитайзерлер қою әдеттегі жағдайға айналған. Тіпті тазалық құралдарынсыз түрлі жиындарды елестету мүмкін еместей. Мумбайда өткен сондай жиындардың бірінде үстел үстіне санитайзерлер қойылады. Шенеуніктердің бірі Рамеш Павар дезинфекциялау құралын ауыз сумен шатастырып алып, оны ішіп қояды. Ол санитайзермен шөлін қандырамын деп мүлде ойламаған болуы керек. Бұл жайтты байқап қалған жиынның өзге қатысушылары мен ұйымдастырушылары оны тоқтатамын дегенше, ойы басқада болған шенеунік еш алаңдамай санитайзерді бірнеше рет жұтып үлгерген.

Жүктелуде...