Көлгінов Елорда көшелерін су басу мәселесін қалай шешетін болды?

Көлгінов Елорда көшелерін су басу мәселесін қалай шешетін болды?

ашық дереккөзі

 width= Нұр-Сұлтан қаласы көшелерін жауын-шашыннан кейін су басу мәселесі біраз жылдан бері елордалықтарды алаңдатып келеді. Бүгін қала әкімі Алтай Көлгінов тұрғындармен есептік кездесуінде аталған мәселені қалай шешетініне жауап берді. Әкімнің айтуынша қазір қалада үш ірі нөсер канализациясының құрылысы мен тазарту құрылысы жүргізіліп жатыр.

«Құрылыстың қарқынын ескере отырып, сонымен қатар, нөсер канализациясының жүйесімен де уақтылы айналысып отыру қажет. Қаладағы проблемалы орындардың бірі – Б.Момышұлы учаскесі. Онда нөсер канализациясының магистральді коллекторының құрылысын аяқтаймыз. Аталған нөсер канализациясының ұзынды 500 метрді құрайды – басы Дауылпаз көшесінен Елім-ай көшесіне дейін (Б.Момышұлы даңғылын басып өтеді). Бұл қолданыстағы нөсер канализациясы желісінің өткізу қуатын бір жарым есеге арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, «Жастар» ықшам ауданындағы (Тәшенов пен Амман көшелерінің қиылысы) коллекторларға реконструкция жасап, тазарту құрылысын жүргіземіз. Бұрын бұл жер батпақты болған. Мұндағы тазарту қондырғысы  жауын-шашын суын Есіл өзеніне тазартып құюға мүмкіндік береді. Бұған дейін қалдық су өзенге сол күйі құйылып, ағынды суды лайлап, қала экологиясына да кері әсерін тигізген. Құрылысты биыл аяқтауды жоспарлап отырмыз. Алайда суды тазалаудың бірінші кезеңін өткен жылдың күзінде іске қосқан болатынбыз», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Жүктелуде...