
Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің келісімімен, Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Абзал Меңдібаев тағайындалды, деп хабарлайды
Newsroom+ ақпарат агенттігі
ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Абзал Меңдібайұлы 1977 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. «Қайнар» Университетін және Қазақ ұлттық техникалық университетін халықаралық экономист, тау-кен инженері мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1997 жылы мұнай және газ жөніндегі оператор болып бастаған. Мұнай газ саласында түрлі лауазымдық қызметтерді атқарды.
2016 жылы «КазАзот» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Шағырлы-Шөмішті» филиалының директоры қызметін атқарған. 2020 жылдан осы күнге дейін «Каспий» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы лауазымында болған.
Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін 2 жылға жуық атқарған Әлихан Қыраубаев өз еркімен қызметінен кеткен болатын.