28 жасар Қазақстанның азаматы Оңтүстік Кореяның Канвандо провинциясына қарасты, Яньян қаласындағы жатақханалардың бірінде орын алған өртте, елде заңсыз жүрген ол, 10 адамды құтқарып қалған деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі tengrinews-ке сілтеме жасап.
Шетелге заңсыз жұмыс істеуге барған Али есімді азаматтың ерлігі туралы жергілікті басылымда жарық көрген.
Ондағы мәлімет бойынша Али түтіннің иісін сезіле бастағаннан, жатақханадағы бөлме тұрғындарының есігін қағып, "өрт" шаққаны туралы хабарлаған. Осылайша ол өрт сөндірушілері келгенше, көршілерді ғимараттан сыртқа шығарып, өрттен аман қалуына көмектескен.
Куәгерлердің айтуынша, есіктері құлыптаулы тұрған бөлмелерге ойланбастан, газ құбырлары арқылы өткен. Осылайша Али 50 жастағы әйелді құтқаруға барын салған. Өкінішке орай, жәбірленуші күйік салдарынан ауруханада көз жұмған. Ал құтқарушы Алидің екінші және үшінші ауырлық дәрежесінде қолы мен мойыны
күйген.
Оқиға орын алған жерге жетіп келген полиция мен өрт сөндіруші қызметкерлеріне тұрғындар қазақстандық батыр туралы айта жөнелген. Алайда өзінің шетелдегі заңсыз жүргені үшін отанына қайтаратынынан қорыққандықтан, Али оқиға орнынан бой тасалаған. Бірақ кейіннен көршілері Алиді денсаулығына байланысты жергілікті ауруханаға алып келген.
"Оған шұғыл түрде медициналық жәрдем қажет болды. Адамдарды құтқарамын деп, өзі қатты жапа шекті",-деп айтқан көршісі Сын Ян-чо.
Дәрігерлер тіркеу картасын сұрағанда, өзге елде заңсыз жүргенін мойындаған. 2017 жылы ол Қазақстаннан туристік визамен Оңтүстік Кореяда құрылыс нысандарына нәпақа табу үшін келген екен. Тапқан табысын Али отанында қалған ата-анасы, жарына және екі баласына жөнелтіп отырған.
Медициналық сақтандыруы жоқ шетелдік құтқарушы батырына көршілері емделу үшін қажетті 7 миллион вон, теңгелей 2,4 миллион қаржыны жинауға кіріскен.
"Өзінің еліне қайтарлуын біле тұра, Али танымайтын жандарға көмектескен. Енді ол 1 мамырға дейін Кореяны тәрк ету керек болады. Бұл әділетсіздік. Ол он өмірді құтқарып қалды. Оңтүстік Кореяның билігі әділеттілігімен аты шыққан. Сондықтан да билік оған әріқарай елде қалуына рұқсат береді деген үміттемін. Сонымен қатар оған өтемақы мен сыйақыны алуға лайықты,"-дейді көршісі.
Оның айтуы бойынша, өз ризашылықтарын білдірген жатақхана тұрғындары көші-қон қызметінен елде қалып, әріқарай жұмыс істеуіне тиісті рұқсат қағазын алуына жәрдемдескен. Кейіннен Али LG Perssonnel Award-тың өзгелердің өмірін сақтап қалған батырларға тапсырылатын арнайы марапатқа ие болған.