Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
10 ақпан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Жамбыл облысында алғаш рет педофилге химиялық кастрация жасау жазасы қолданылады

Жамбыл облысында алғаш рет педофилге химиялық кастрация жасау жазасы қолданылады

Жамбыл облысында алғаш рет педофилге химиялық кастрация жасау жазасы қолданылады
ашық дереккөзі
 width= Жамбыл облысында алғаш рет түзеу мекемесінде жатқан педофилге химиялық кастрация жасау жазасы қолданылады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі«Хабар 24»-ке сілтеме жасап. Қазір қалалық емхана мамандары жазаға кесілген қылмыскердің денсаулығын жан-жақты зерттеуге кіріскен. Олар сотталушыға қандай химиялық екпе салуды анықтайды. Жамбыл облысындағы түзеу мекемелерінде жатқан 13 педофилге кастрация жасау жоспарланған. Оған бюджеттен 1 млн 373 мың теңге қаражат бөлінген. Сот шешімі шыққан жағдайда, медициналық сараптамадан соң химиялық екпе жасалады.
«Антиандрогендік препараттар тағайындау да өзінше бір үлкен жұмыс, өйткені ол әр адамның физикалық жағдайына байланысты, оған аллергиялық реакциясы бар ма, жоқ па деген мәселеден бастап, бүкіл қан талдаулары жүргізіледі. Антиандрогендік препараттармен түзеу мекемелерін қалалық емхана қамтамасыз етеді», - деді ҚАЖ департаментінің сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының бас маман-дәрігері Ерлан Әбдібай.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату