Асқар Мамин жоғары кеңестің отырысын өткізді

Асқар Мамин жоғары кеңестің отырысын өткізді

ашық дереккөзі

 width= Үкімет басшысы Асқар Мамин кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық кеңсе отырысын өткізді. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады. Биыл «Қарапайым заттар экономикасы», «БЖК-2025», «Еңбек», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары және Ұлттық банктің айналым қаражатын толықтыруға несие беру бағдарламасы аясында бизнесті қолдауға 703 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. БЖК-2025 бағдарламасын жүзеге асырудың оң қарқыны байқалуда. Осы жылдың қаңтар айында 60 млрд теңге сомасына 333 жоба несиелендіріліп, 326 жоба кепілдендірілді. «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы бойынша бүгінде 707,8 млрд теңге сомасына 2801 жоба мақұлданды, 527,7 млрд теңге сомасына 2243 жоба субсидияланды. «Шағын және орта бизнесті экономикалық шынайылықтың жаңа жағдайында қолдау – Үкімет жұмысының басымдықтарының бірі. Кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаумен қамтуды барынша кеңейту қажет. Бұл экономиканың дамуына қосымша серпін береді. Әкімдіктер бөлінетін қаражаттың жоғары тиімділігін қамтамасыз етуі тиіс», - деді А. Мамин.

Жүктелуде...