Мұқағали Мақатаевқа 90 жыл

Мұқағали Мақатаевқа 90 жыл

ашық дереккөзі

 width= Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/10 мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандары арасында лирик - ақын Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың 90 жыл мерей тойына орай мерекелік іс-шара өткізілді.  width= Концерттік бағдарламаның ашылуын ГМ-172/10 мекемесі бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Азат Қалдыбаевич Орынбасаров құттықтау сөзімен басталды. Концерттік іс-шара барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтау отырып өткізілді.  width= Сонымен қатар Мұқағали Мақатаевтың өмір баяны жайлы қысқаша бейне ролик көрсетілді. Одан әрі мерекелік іс-шараға арнайы шақыртылған Маңғыстау облыстық Мұрат Өскінбаев атындағы филармония әртістері Айнұр Омарға мен Әмезхан Адай, Мұқағали Мақатаевтың "Әке", "Ана", "Отан", "Сәби болғым келеді", "Сенің көзің", "Тағдыр" атты өлеңдерін домбырада орындауымен жалғасты. Концерттік бағдарламада ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы айтылып, іс-шараға сотталғандар белсене қатысып ақынның "Туған күн", "Махаббат" атты поэмалары оқылды.  width= Аталған іс-шараның мақсаты жазасын өтеушілердің өмір жайлы ой-толғамдарын, шығармашылыққа деген көз қарастарын ояту болды.

ГМ-172/10 мекемесі әділет аға лейтенант Жарылкапбаев Сакен

Жүктелуде...