Белгілі заңгер Экология министріне іздеу салды

Белгілі заңгер Экология министріне іздеу салды

ашық дереккөзі

 width= Белгілі заңгер Айгүл Орынбек Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевке іздеу салды. Ол Facebook-тегі жазбасында батыс өңіріндегі ерекше табиғи ескерткіш Бозжыра шатқалынының тағдырына алаңдап, бұған қатысты үн қатпай отырған министрлікке ренішін білдірді.

«Уа естуші Үкімет басы Асқар Мамин және оның нөкерлері! Ақтау   “БОЗЖЫРА” Шымкент “ИППОДРОМ” Алматы “КАЗГУ” жерлері халықты қатты алаңдатуда! Айтыңдар, біз естиміз дейсіңдер! Қайда естіп жатқандарың? Мына жерлерді аман алып қалу үшін біз не істеуіміз керек айтыңдаршы? Шынында да Естуші, құлақ асушы мемлекет болсақ , ең болмаса онлайн бізді қабылдаңыздар Мамин мырза!», - деген өтінішін жеткізген.
 width= Сонымен қоса:
«Әсіресе жаңадан құрылған Экология министірі сіз өмірде барсыз ба? Жаңа министрлікті не үшін құрылды? Экологияны қорғау үшін бе, креслоны қорғау үшін бе? Шықсаңыздаршы халықтың алдына, әу десеңдерші?!» - деп сауал тастапты.

Жүктелуде...