Алматы облысының үш елдімекенін су басты

Алматы облысының үш елдімекенін су басты

ашық дереккөзі

 width= Қатты жауын-шашын салдарынан Алматы облысының үш елді мекенін су басты деп хабарлайды Newsroom+ ақпарат агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 8 ақпан күні түнде Алматы облысының ТЖД-ға 3 елдімекенде су толып, жеке тұрғын үйлердің 40 аула аумағы су астында қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ескелді ауданының Ешкіөлмес және А.Алдабергенов ауылдарында, сондай-ақ Көксу ауданының Талапты ауылында ауа температурасының көтерілуіне, жауын-шашын, қар еруіне байланысты жеке тұрғын үйлердің аулаларын су басты. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Алматы облысы ТЖД күшімен және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылында оқиға орнынан 10 адам эвакуацияланды және орта мектепке орналастырылды. Мотопомпалардың көмегімен су сорылды. ТЖД-да жедел штаб құрылып, жедел желі жұмыс істеді», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта арықтарды тереңдету, үйінді бөгет салу және еріген суды бұру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Су басқан жерлерде барлығы Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары 67 қызметкер, 15 бірлік техника, 18 мотопомпа, жергілікті атқарушы органдардан 28 қызметкер, 5 бірлік техника және 5 бірлік мотопомпа, АПБ 7 қызметкер, 3 бірлік техника жұмылдырылды.  width= ҚР ТЖМ азаматтардан су тасқыны қаупі бар кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтауды, аула аумақтарына іргелес арық желілерін қар мен қоқыстан уақытылы тазартуды сұрайды. Құтқару қызметінің бірыңғай телефоны 101 немесе 112!

Жүктелуде...