Білім басқармасының басшысы қамауға алынды

Білім басқармасының басшысы қамауға алынды

ашық дереккөзі

 width= Алматы облысы Білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова қамауға алынды. Бұл туралы облыстық прокуратураның ресми сауалға берген жауабында айтылады.  Майгүл Омарова мен "Алматы облыстық білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар ғылыми-практикалық орталығы" КММ басшысы Арапби Меңлібаев қамауға алынды. "2021 жылы 4 ақпанда Талдықорған мамандандырылған тергеу соты күдіктілер М.Т. Омарова мен А.А. Меңлібаевқа қатысты екі айға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Күдікті Б.С. Абдолданова үйқамаққа алынды" делінген хабарламада. Қазіргі уақытта іс бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі басқа мәліметтер әзірге жария етілмейді. Айта кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті "Алматы облысының білім басқармасы" ММ-нің лауазымды тұлғаларына қатысты сот алды тергеу бастаған болатын. Іс Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі "Пара алу" және Қылмыстық кодкстің 367-бабы 4-бөлігі "Пара беру" бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.  

Жүктелуде...