weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
9 ақпан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қаржы министрі жемқорлықты қалай жою керектігін айтты

Қаржы министрі жемқорлықты қалай жою керектігін айтты

Қаржы министрі жемқорлықты қалай жою керектігін айтты
ашық дереккөзі
 width= Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік кіріс органдары қызметкерлеріне шен беріліп, базалық жалақысына қосымша үстеме қосылып, бірыңғай формалық киіндіру енгізілетінін мәлімдеді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі атап өткендей, мемлекеттік кіріс органдарының қызметкеткерлері жалақысының төмендігі, әлеуметтік қорғалмағаны мен қызметінің жауапкершілігі жоғары болуына байланысты жемқорлық тәуекеліне тап болып отыр», деді Жамаубаев.
Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, мұндай жағдай білімі мен мол тәжірибесі бар қызметкерлердің жекеменшік секторға кетуіне әкеп соғады.
«Осыған байланысты олардың базалық жалақысына үстеме қосып, бірыңғай формалық киім мен класстық шен енгізу ұсынылуда. Бұл шара білікті кадрларды сақтап, жемқорлық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдарының мәртебесін көтеруге септігін тигізеді»,  деп атап өтті ол.