«Үкілі бала» атанған қызылордалық емші үйленді

«Үкілі бала» атанған қызылордалық емші үйленді

ашық дереккөзі

 width= Қызылордалық емші Ерболсын Серікбай қолына ақ құсын қондырды. Үкілі бала қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында жазып, қалыңдықпен бірге түскен фотоларын жариялады. Бірер ай бұрын Ерболсын отандық телебағдарламалардың бірінде жақында үйленетінін айтқан еді.

«Бәріне сәлем. Ең алдымен Аллаға шүкір етем. Маған жарық дүниені көрсеткені үшін тәубе деймін. Маған бар жақсыны берген, тәрбиелеген ата-анама алғыс айтам. Менің үлкен өмірге жасаған алғашқы қадамым. Осы таңдауды жасауға қолдау көрсеткен барша туысыма, жақындарыма рахмет. Мадикош, Алла біздің өмірлік жолымызды ұзағынан қылсын. Әмин», - деп жазды емші бала парақшасында.
 width= Фото астында құтты болсын айтқан көпшіліктің: «Көтеріп жатқан шаңырақтарың биік, босағаларың берік болсын! Махаббаттарың баянды да, тәтті болсын! Өмірлері күндей, көңілдерің гүлдей, армандарың асқар таудай болсын», «Шаңырақтарын құтты болсын», «Бақытты болыңдар, бақтарың ашылсын», «Өмірлерің ұзақ, бақыт сәттерің көп, бала-шағаларың көп болсын», «Өмірлік қадамың құтты болсын», - деген пікірлері толассыз жазылып жатыр.

Жүктелуде...